Бельгияда брейк-данстан өткен халықаралық жарыста жерлесіміз жеңіске жетті

Бельгияда брейк-данстан өткен халықаралық жарыста жерлесіміз жеңіске жетті
Сурет: Olympic.kz

Брейк-данстан қазақстандық спортшы қарсыластарынан басым түсті

Қазақстандық спортшы Амир Закир брейк-данстан Бельгияда өткен халықаралық доданың жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Брейк-данстан JBL Unbreakable жарысына 30 елден астам құраманың спортшылары қатысты. Жарыс барысында қарсылас шақ келтірмеген отандасымыз финалда бельгиялық Майти Джиммиден басып озды.