Беларусь елінде Қазақстанның мәдениет күндері басталды

Беларусь елінде Қазақстанның мәдениет күндері басталды
Сурет: Qazaqstan.tv

Шара екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың 30 жыл толуына орай ұйымдастырылып отыр.

Осы шара аясында Минскіде қазақ киносының күндері өтіп жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Онда жиналған талғампаз көрермен қазақ халқының бай мәдениеті мен тарихын насихаттайтын отандық туындыларды тамашалады. Қала тұрғындары мен қонақтар Қазақстан жайлы тың деректермен танысты. Жалпы, екі елдің ынтымақтастығын одан сайын арттырып, мәдениет саласындағы байланысты жаңа деңгейге көтеру жоспарланып отыр.

«Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы мен Минск қаласындағы музыкалық академиясы арасында мәдени саладағы оқу бағдарламаларымен сабақтастығымызды пысықтайтын боламыз. Қазақстанның Жұбанов атындағы оқу орнының концерттері, мастер-класстары жоспарланған», - деді ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрқиса Дәуешов.