Бекзат Нұрдәулетов Польшадағы бокс кешінде жеңіске жетті

Бекзат Нұрдәулетов Польшадағы бокс кешінде жеңіске жетті
Сурет: Inform.kz

Қазақстандық боксшылар Бекзат Нұрдәулетов, Бекман Сойлыбаев және Мейірім Нұрсұлтанов Люблинде (Польша) өткен бокс кешінде өнер көрсетті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inform.kz-ке сілтеме жасап.

Бірінші болып рингке Бекзат Нұрдәулетов (6-0, 2 КО) шықты. Ол грузиялық Яго Кизириямен (6-9, 4 КО) сегіз раунд жұдырықтасып, төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңіске жетті.

Бұған дейін хабарлағандай, боксшы Мейірім Нұрсұлтанов WBO титулын қорғаған болатын.

Бекман Сойлыбаев мансабындағы он бесінші жеңісіне қол жеткізіп, WBA екінші белбеуін иеленді.