Бекнұр Қисықов: Метро станцияларына батырлар есімін беру - сәтті шешім

Бекнұр Қисықов: Метро станцияларына батырлар есімін беру - сәтті шешім
Cурет: Almaty-akshamy.kz

Қоғам белсендісі болашақ «Достық» станциясына «Бауыржан Момышұлы» атауын беру туралы бастаманы қолдады.

Бауыржан Момышұлы тарихқа Ұлы Отан соғысының батыры және жазушы ретінде енді, сондықтан оның есімін өскелең ұрпақ үшін мәңгі есте қалдыру өте маңызды. Еуразиялық франчайзинг қауымдастығының жетекшісі, Алматы Қоғамдық кеңесінің мүшесі Бекнұр Қисықов осындай пікірде, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

«Қазақстанның азаматы, оған қоса жазушы ретінде Бауыржан Момышұлы есімі менің жүрегіме жақын. Метро станциясын Бауыржан Момышұлы есімімен атау керемет бастама. Өйткені ол - біздің еліміздің символы, ұлтымыздың мақтанышы мен даңқы», - деп ойымен бөлісті Қалалық қоғамдық кеңес мүшесі.