Бейнебақылау күшейтілмек

Жұмыс сапасын қамтамасыз ету үшін қаладағы әлеуметтік мекемелерде бейнебақылау жүйесі орнатылады.    

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров Қазақстан Республикасындағы адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімовамен бірге әлеуметтік нысандарда бейнебақылау орнату бойынша ведомствоаралық кеңес өткізді.

Кеңес Мемлекет басшысының «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты халыққа Жолдауында берілген пенитенциарлық мекемелер мен полицияның арнайы үй-жайларындағы барлық «көрінбейтін» учаскелерді қамтитын  бейнебақылау жүйесін енгізу туралы тапсырмаларды іске асыруға қатысты өтті.

Әлеуметтік нысандардағы «көрінбейтін» аймақтарды бақылаудағы басты мақсат – адам құқықтарына сәйкес келмейтін өтініштерден қорғауды нығайту. Сондықтан Алматының  медициналық-әлеуметтік мекемелерінде «көрінбейтін» аймақтарды жою жоспарлануда.

Қазақстан Республикасындағы адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімова бейнекамераларды орнатудың мақсаттары мен міндеттері белгіленген бірыңғай нормативтік қаулы әзірленетінін хабарлады. Бұл ретте «көрінбейтін» аймақ  термині жеке кеңістік орындарын, гигиенаны (душ бөлмелері және т.б.) жаппай, құқықтық тәртіп кепілі мен адам құқықтарын сақтау арасындағы теңгерімді сақтайды.

Өз кезегінде Білім министрлігі мен қала прокуратурасының өкілдері заңнама мен бала құқықтарының талаптарын сақтай отырып, бейнебақылау орнату бойынша, сондай-ақ мектепке дейінгі мекемелер мен мектептердің тәжірибесі туралы ұсыныстарын айтты.

Кеңестің  қорытындысы бойынша Алматы қаласы әкімдігінен бір тараптан білім, қоғамдық денсаулық сақтау, әлеуметтік әл-ауқат басқармалары және Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл, «Адам құқықтары үшін хартия» қоғамдық қоры арасындағы «көрінбейтін» аймақтарды жою жөніндегі келісім қабылданды.

Қала әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров қалалық Білім, Денсаулық сақтау, Әлеуметтік әл-ауқат басқармасына бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Әсел ДАҒЖАН

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *