Бақытжан Сағынтаев Қырғызстанның Алматыдағы Бас консулы Назаралы Әріповты қабылдады

Бақытжан Сағынтаев Қырғызстанның Алматыдағы Бас консулы Назаралы Әріповты қабылдады
Сурет: Тwitter.com

Кездесуде Алматы мен Қырғыз өңірлерінің туристік әлеуетін дамыту мәселелері талқыланды.

Бұл туралы басшысы өзінің твиттердегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«Қырғызстанның Алматыдағы Бас консулы Назаралы Әріповты қабылдадым. Ынтымақтастықты жандандыру, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық қатынасты кеңейту, Алматы мен Қырғыз өңірлерінің туристік әлеуетін дамыту мәселелерін талқыладық», -деп жазды Бақытжан Әбдірұлы твиттер парақшасына.