Бақытжан Сағынтаев жолайрықтар мен метро станцияларының құрылыс барысын тексерді

Бақытжан Сағынтаев жолайрықтар мен метро станцияларының құрылыс барысын тексерді

 «Жұмыс сапарымен Бұқтырма мен Құлжа трактісі, Сейфуллин мен Жансүгіров, Рысқұлов пен Емцов көшелері қиылысындағы үш ірі жолайрықтың құрылысын көріп қайттым. Сондай-ақ, екі станса мен метроның жаңа тармағының салыну барысы мен қарқынын, Абай даңғылының Момышұлы көшесінен Наурызбай ауданының әкімшілік орталығына дейін жеткізу жұмысын тексердім. Жұмыс күші мен техниканың жеткілікті болуын қадағалап, құрылыс аймағына түсетін учаскелерді алу бойынша жұмысты жандандыруды тапсырдым», - деді Бақытжан Сағынтаев өзінің Инстограм парақшасында