Бақытжан Сағынтаев тұрғындармен онлайн жүздеседі

Бақытжан Сағынтаев тұрғындармен онлайн жүздеседі
Сурет: Qazaly.kz

Алматы қаласының әкімі апта сайын тұрақты түрде тікелей эфирде тұрғындар сұрақтарына жауап беріп келеді. 

Алматыда қазіргі эпидемиологиялық жағдай қандай? «Қоңыр қызыл» аймақтан шығу үшін қандай шаралар жүргізіліп жатыр? – ертеңгі онлайн жүздесудің басты тақырыбы осы, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

18 тамызда сағат 19.00-де Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев тікелей эфирде тұрғындардың осы және өзге өзекті сұрақтарына апталық Akimat live бағдарламасында жауап береді.
Көкейдегі сұрақтарыңызды  8 777 046 33 33 WhatsApp нөміріне жібере аласыздар.