Бақытжан Сағынтаев Мәжіліс және Сенат депутаттарымен алматылықтардың өмір сүру сапасын жақсарту мәселелерін талқылады

Бақытжан Сағынтаев Мәжіліс және Сенат депутаттарымен алматылықтардың өмір сүру сапасын жақсарту мәселелерін талқылады
Сурет: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Кездесу барысында қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы, медициналық, білім беру және әлеуметтік қызметтерді алу үшін тең жағдайларды қамтамасыз ету, сондай-ақ сумен жабдықтау желілерін, жолдар мен сыртқы жарықтандыруды салу мәселелері көтерілді.

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Мәжілістегі Nur Otan партиясы фракциясының депутаттарымен, сондай-ақ мегаполиске жұмыс сапарымен келген сенаторлармен кездесу өткізді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Депутаттар айтқан барлық мәселелер бойынша түсініктемелер берілді және қалалықтардың өтініштерін шешу жөнінде, оның ішінде Алматы қаласы бойынша Nur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасын, Жол картасы аясында, сондай-ақ «Жаңа Алматы» кешенді даму жоспарын іске асыру туралы қабылданған шаралар ұсынылды.