Бақытжан Сағынтаев Эрик Майермен кездесті

Бақытжан Сағынтаев Эрик Майермен кездесті
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Кездесу Бас консулдың дипломатиялық миссиясының аяқталуына орай өткізілді.

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев АҚШ-тың Алматыдағы Бас консулы Эрик Майермен кездесті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Бұл туралы ол өзінің твиттердегі парақшасында жазды.

«Алматыдағы АҚШ-тың Бас Консулы Эрик Майерге  аймақаралық өзара іс-қимылды дамыту мен мәдени-гуманитарлық, сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға қосқан үлесі үшін алғыс білдірдім», делінген ол жазбада.