Бақытжан Сағынтаев экокешеннің құрылыс барысымен танысты

Бақытжан Сағынтаев экокешеннің құрылыс барысымен танысты Сурет: Almaty-akshamy.kz

Экокешеннің басты мақсаты – экологиялық туризмді дамыту.


Мегаполис әкімі Бақытжан Сағынтаев Qazaq Auyl кешенінің құрылыс барысын қарап шықты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz




Qazaq Auyl эко кешені ұлттық стильде Кім-Асар шатқалында салынуда. Оған мейрамхана, 15 қонақ үй және іс-шараларға арналған амфитеатр кіреді. Жоба бойынша мейрамхананы media Park Hotel қонақ үй-тұрғын үй кешенімен және визит-орталығымен қосу көзделген. Визит-орталық үшін ақпараттық қызметтер көрсетілетін және туристік жабдықтар сатылатын жеке үй-жай қарастырылған.




Qazaq Auyl жалпы алаңы – 1,3 га, үй-жайлардың алаңы – 850 ш.м, инвестиция көлемі – 800 млн теңге. 2022 жылы пайдалануға беру жоспарланған экокешенде 20 жұмыс орны ашылмақ.


Жоба экологиялық туризмді дамытуды ескере отырып әзірленді. Бұл жалпы абаттандыруда, учаскенің жоспарлау құрылымында және кешен құрылымын құрайтын объектілердің композициялық шешімінде көрініс тапты.



Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, төтенше жағдайлар туындаған кезде адамдарды күзету, эвакуациялау және құтқару үшін мамандандырылған автокөліктің қолжетімділігі көзделген.


 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

23:08

22:54

22:42

20:45

20:38

20:24

19:58

19:38

18:50

18:41

18:25

18:07

17:53

17:41

17:28

17:10

17:09

16:34

16:25

16:18

16:09

16:07

15:22

14:48

14:38