Бақытжан Сағынтаев болашақ чемпиондарды дайындауға жағдай жасау туралы айтты

Бақытжан Сағынтаев болашақ чемпиондарды дайындауға жағдай жасау туралы айтты
Сурет: Old.elorda.info

Қаржыландыру арқасында үш мыңнан астам бала спорт секцияларына ақысыз барады.

Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев «Алматы» ТА-дағы Akimat Live бағдарламасы кезінде балалар мен жасөспірімдердің физикалық дамуы үшін инфрақұрылым қалай жасалатыны туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Алматыда болашақ чемпиондарды дайындау үшін спорттық нысандардың қолжетімдігі мен ашықтығына баса назар аударылады әрі кешенді шаралар қабылдануда. Осы мақсатта алты спорттық-сауықтыру кешенінің, сондай-ақ үлкен теннис пен үстел теннисі орталықтарының құрылысы жүргізілуде. Халықаралық «Сұңқар» шаңғы трамплиндер кешенінде спорт кешенінің құрылысы аяқталуда.

Тегін қадамдық қолжетімді ашық алаңдарда, жекпе-жек орталықтарында 40-тан астам жаттықтырушы сабақ беруде. Осылайша, бір жарым мыңнан астам балалар мен жасөспірімдер спортпен шұғылдануда. Сонымен қатар, жан басына шаққанда қаржыландыру арқасында үш мыңнан астам бала спорт секцияларына ақысыз барады.