Бақытжан Сағынтаев алматылықтарды Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен құттықтады

Бақытжан Сағынтаев алматылықтарды Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен құттықтады
Сурет: Sputnik.kz

Алматы болашаққа сеніммен қарайды.

Бұл құттықтауын  мегаполис басшысы өзінің инстаграмдағы парақшасында жариялады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«Құрметті алматылықтар! Тәуелсіздіктің 30 жылдығы мерекесімен құттықтаймын!

Алматы болашаққа сеніммен қарайды. Біз қазір заманауи мегаполистің инфрақұрылымдық мәселелерін оңтайлы шешіп, балабақшамен мектептерді, аурухана мен спорт кешендерін салуды жүйелі жолға қойдық. Экологияны жақсарту жолында жұмыла жұмыс істеп, мұқтаж жандарды тұрғын үймен қамтамасыз етуге, әлеуметтік жағынан осал азаматтарды жан-жақты қолдауға күш салып келеміз.

Біз өзіміздің түпкі мақсатымызға – әлемнің үздік қалаларының қатарына еркін ену жолына барлық күш-жігерімізді саламыз. Бірлік бар жерде тірлік бар. Бұл биік межелерге бірлесе қол жеткізетінімізге сенімім мол. Толайым табыс әрбір алматылықтың өз қолында! Баршаңызға зор денсаулық, ортақ істе табандылық пен бақ-береке тілеймін!

Тәуелсіздік күні құтты болсын!» -деп құттықтады қала әкімі.