Бақытжан Сағынтаев: Алматы — өңірдегі ең ірі ІТ орталығы

Бақытжан Сағынтаев: Алматы — өңірдегі ең ірі ІТ орталығы
Сурет:Almaty-akshamy.kz

Алматы — өңірдегі инновациялық технологиялардың орталығы, мұнда елдегі барлық студенттердің 40%-ы оқиды.

Қалада үздік ЖОО-ның 30%-дан астамы, 2622 ІT-компания (ҚР 40%-ы) орналасқан,электронды сауда көлемі 551 млрд теңгеге жетуде. Еліміздің әрбір екінші инновациялық технология маманы Алматыда тұрады және қалалықтардың 95%-ы онлайн-сервистерді пайдаланады.

 Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев «Алматы» ТА-дағы кезекті тікелей эфир барысында «Алматы-2050» Стратегиясын цифрландыру бағыттарын дамыту туралы айтты, деп хабарлады Almaty-akshamy.kz.

Қала әкімінің айтуынша, мегаполисті тиімді басқару цифрландыру тетіктерінсіз мүмкін емес. Алматыда 2 млн жуық адам тұрады, ал Алматы агломерациясы шекарасында – 3 млн. Қалада ШОБ 287 мың кәсіпорны бар. Көлік инфрақұрылымына 3 мың шақырымнан астам жол кіреді. Күн сайын қалада 675 мыңға жуық көлік жүреді. 165 мың жарық бағаналары орнатылды.

Қалада денсаулық сақтаудың көпдеңгейлі жүйесі бар. Жыл сайын қаланың алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін ұйымдарына 11,5 млн адам келеді.

Қала елдің ірі білім орталығы болып табылады, мұнда білім беру мекемелерінің дамыған желісі бар. Қала мектептерінде 288 мың оқушы оқиды.

«Біз қазірдің өзінде өңірдегі жетекші қалалардың біріне айналдық, дегенмен, қаланың әлемдік картада негізі көшбасшылық позицияны ұстануы үшін бізде барлық жағдай жасалған», — деп атап өтті Бақытжан Сағынтаев.

Smart city немесе «Ақылды қала» бастамасы аясында қалалық ресурстар мен қызметтерді басқаруды жетілдіру бойынша жұмыс жүруде. Оның үстіне, қаланың негізгі активтері азаматтар, процестер мен технологиялар болып табылады. Бірінші кезекте зияткерлік модернизациялауды қажет ететін салалар — мемлекеттік басқару, қаланың инфрақұрылымы, әлеуметтік орта және экономика.