Бақытжан Сағынтаев: Алматы құрылысы әлеуметтік нысандарды ескере отырып, жаңа ережелер бойынша жүргізілуде

Бақытжан Сағынтаев: Алматы құрылысы әлеуметтік нысандарды ескере отырып, жаңа ережелер бойынша жүргізілуде
almaty-akshamy.kz

Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз конференциясында Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып, құрылыс салушылардың жаңа ережелерге сәйкес жұмыс істеп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz

Салынып жатқан нысандар ережелерге қатаң сәйкес келуі және Алматы орталығының архитектуралық келбетін бұзбауы тиіс. Бұл ретте орталықтағы құрылыс тығыздығы гектарына 300 адамнан аспауы тиіс.

Бұдан басқа, Ережеде үй аумағының метрі  әр тұрғынға кем дегенде 10 шаршы метр болуы керек делінген. Бұл шаршы метрлерге жасыл кеңістіктер де кіреді. 

Бұл талап тек орталықта ғана емес, барлық жаңа құрылыстарға қатысты. «Алматы – шетсіз қала» тұжырымдамасына сәйкес, қаланың барлық аудандарында тығыздығы гектарына 440 адамнан аспауы тиіс.

Сондай-ақ, Ережеде әлеуметтік инфрақұрылымға ерекше назар аударылған. Құрылыс салушы жобаны әзірлеу кезінде құрылыс аумағының мектепке дейінгі балалар мекемелерімен қамтамасыз етілуін; жалпы білім беретін (мың адамға кемінде 180 орын) және медициналық мекемелер мен учаскелік полиция пунктінің болуын ескеруге міндетті. Барлық әлеуметтік объектілер «қадамдық қолжетімділікте» болуға тиіс.

Осы талаптарды сақтаған кезде, халықтың тығыздығы 20%-дан аспауы мүмкін. Сонымен қатар, әрбір құрылыс салушыға жақын маңдағы үйлердің тұрғындарымен жобаға қоғамдық талқылау жүргізу ұйғарылады, олардың мүдделері құрылысқа тікелей әсер етеді. Салынған нысандарға келетін болсақ, бұл жағдайда заңның кері күші болмайды.

Қала тұрғындарының көптеген өтініштері бойынша бірқатар нысандарда құрылыс тоқтатылды. Құрылыс салушыларға жобаларды ереже талаптарына сәйкес келтіру ұсынылды. Құрылыс осы шарт орындалған жағдайда ғана жалғасатын болады.

Әкімдік әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту, оның ішінде болашақ жаңа қоныстанушыларды балабақшалармен, мектептермен және медициналық мекемелермен қамтамасыз ету мақсатында құрылыс салушылармен белсенді жұмыс жүргізуде.

Бұл жоспарлы және ауқымды жұмыс Алматыдағы қала құрылысы саласын жетілдіруге және жақсартуға, әрбір алматылықтың өмірі үшін қаланы неғұрлым жайлы етуге мүмкіндік береді.