БАҚ арасында турнир өтеді

БАҚ арасында турнир өтеді
sportishka.com

Алматыда 11 желтоқсан күні БАҚ қызметкерлері арасында «Вечерний Almaty» газетінің 85 жылдығына орай Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған бильярдтан турнир өтеді.

Шығармашылық кәсіптің өкілдері қалам мен микрофонды бильярд таяқшасына, ал ақпараттың дәлдігін ойын шарларының дәл түсу дәлдігіне алмастыратын болады. Аталған турнир – ағымдағы жыл соңында орын алатын ерекше оқиғалардың бірі. Дода «Alataý Aqparat» ЖШС – «Вечерний Almaty» және «Almaty aqshamy» газеттерінің ұйымдастыруымен жүзеге асады. Турнирдің бас демеушісі – «Қазақстанның құрылыс саласының одағы» ЗТБ.

Жарыста қалалық және республикалық газеттердің, телевизиялық арналардың және ақпараттық порталдардың өкілдері бақ сынайды. Турнир халықаралық пирамида комитетінің қолданыстағы ережелеріне сәйкес «еркін пирамида» немесе «американдық» ойын бойынша өткізіледі. Турнир ойындарын тікелей өткізу Қазақстан Республикасы бильярд спорты федерациясының төрешілер алқасына жүктеледі.

Қаладағы ең байырғы басылымдардың бірі - «Вечерний Almaty» тек уақытпен қатар қадам басып қана қоймай, мегаполистің өзіндік символы болып қалыптасты. 1936 жылы жарық көрген бірінші нөмірден бастап осы күнге дейін халық газеті қалалық оқиғаларды жариялауға белсенді қатысып қана қоймай, мегаполистің өміріне де ерекше үлес қосуда.

Атап айтқанда, ағаш отырғызу, жалпықалалық сенбіліктерге қатысу, Медеуде «денсаулық баспалдақтары» бойынша спорттық жүгірістерді ұйымдастыру және қала тұрғындары мен түрлі басылымдардағы әріптестерді біріктіретін басқа да іс-шаралар. БАҚ қызметкерлері арасындағы бильярд бойынша биылғы турнир осының тағы бір дәлелі болмақ.

Іс-шара жеңімпаздарын бірегей кубоктар мен бағалы сыйлықтар күтеді. Сондай-ақ, әріптестерімізге ынталандыру сыйлықтары табысталады