Байзақ ауданында төтенше жағдай жарияланбақ

Байзақ ауданында төтенше жағдай жарияланбақ Сурет: Ашық дереккөз

Ашық талқыға шығарылып отырған шешім ертең күшіне енбек


Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы Талас өзенінің арнасынан тасу қауіпіне байланысты аталған мекенде жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай жариялануы мүмкін, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Бұл туралы Ашық НҚА порталында жарияланған аудан әкімінің шешімінде көрсетілген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.



«Байзақ ауданы арқылы өтіп жатқан Талас өзенінің арнасынан тасу жағдайы тіркелуіне байланысты аудан көлемінде жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын. Төтенше жағдаймен күрес басшысы болып Байзақ ауданы әкімінің орынбасары Болат Сағынбеков тағайындалсын және табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жоюға бағытталған іс-шараларды жүргізу тапсырылсын. Төтенше жағдай салдарын жою барысында жұмсалған шығындарды өтеу мақсатында аудандық төтенше жағдайларға арналған резервінен тиісті қаражат қарастыруды жүзеге асырсын», - делінген құжатта.



Ашық талқыға шығарылып отырған шешім ертең күшіне енбек.


Қоса кетейік, бұған дейін Риддерде жылу электр орталығынан ақау шығып, жергілікті ауқымда төтенше жағдай жарияланған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

12:41

12:16

11:37

11:11

11:04

10:45

10:37

10:30

10:19

10:11

10:07

23:14

17:19

16:27

15:44

15:35

14:52

13:55

13:07

13:02

12:56

12:09

11:41

11:31

11:26