Байтұрсынұлының 150 жылдығы ЮНЕСКО мерейтойлар тізіміне енді

Байтұрсынұлының 150 жылдығы ЮНЕСКО мерейтойлар тізіміне енді
Сурет: Kk.wikipedia.org

Бұдан бұрын келесі жылдың тілтанушы ғалымға арналатынын жазғанбыз.

Бүгін ЮНЕСКО-ның 41-ші Бас конференциясының арнайы қарарымен 2022-2023 жылдарға арналған халықаралық мерейтойлар тізімі қабылданып, оған Қазақстанның ұсынысымен тілтанушы, әдебиетші Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығы енді, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.

Қазақстанның Франциядағы Елшісі және ЮНЕСКО жанындағы Тұрақты өкілі Жан Ғалиев Бас конференцияға ұсыныстарымызды қолдағаны үшін алғыс білдіріп, мүше мемлекеттерді және Ұйым хатшылығын аталған мерейтойлар аясында елімізде және шетелде өткізілуі жоспарланып отырған іс-шараларға қатысуға шақырды.