Байқоңырға «Протон-М» зымыран тасығышы жеткізілді

Байқоңырға «Протон-М» зымыран тасығышы жеткізілді
Сурет: Ашық дереккөз

Бұрын жоспарланған ұшырылымдар 2023 жылға шегерілді

Жақында Байқоңыр ғарыш айлағына «Протон-М» зымыран тасығышы жеткізілді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.
Алайда, 2022 жылдың желтоқсанында Байқоңыр ғарыш айлағынан зымыран тасығыштар ұшырылмайды. Бұрын жоспарланған ұшырылымдар 2023 жылға шегерілді.

Бұған дейін 2022 жылдың соңына дейін Байқоңырдан ресейлік және шетелдік спутниктері бар «Союз - 2» зымыранының екі ұшырылымы мен «Протон-М» зымыранының бір ұшырылымы жоспарланған еді.

Қазіргі уақытта Байқоңыр ғарыш айлағында 2023 жылға жоспарланған ұшырылымдарға дайындық жүріп жатыр. Ұшыру жоспарына сәйкес, 2023 жылдың бірінші тоқсанында екі старт болады: ақпан айында ХҒС-қа «Прогресс МС - 22» көліктік жүк кемесі, ал наурызда «Союз МС-23» кемесі ұшырылады.