Байғали Есенәлиев: Бұл сайлаудан оң өзгеріс күтеміз

Байғали Есенәлиев: Бұл сайлаудан оң өзгеріс күтеміз
Сурет: Rtrk.kz

Мысалы, дәл қазіргі уақыттағы елдің жанын қинап отырған қымбатшылықтан шығудың жолдары.

ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Байғали Есенәлиев алдағы сайлаудан әділдік күтетінін айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«Әділдік ол халықтың алдындағы жариялылық деп білемін және қазіргі ел басқарып отырған мемлекет иесінің өткендегідей олқылықтарға жол бермейтініне мен сенемін. Сайлаудан кейінгі мен күтетін өзгеріс – ол жаңағы жолдауда айтылған мәселелер орындалса, ол елдің күткен өзгерісі, оң өзгеріс. Мысалы, дәл қазіргі уақыттағы елдің жанын қинап отырған қымбатшылықтан шығудың жолдарын жолдауда өте жақсы айтты, одан кейін барып коррупция мәселесі, жемқорлық. Бұдан да шығу жолдарын көрсетіп берді. Ал енді, ең басты Жолдауда айтылған маған ұнаған нәрсе – осыған тапсырма берілген адамдар өз ісімен нақты айналыспаған жағдайда үлкен кадрлық өзгерістердің болатынын қадап тұрып айтты. Демек, билікте ұзын арқан, кең тұсаумен отырған адамдардың көбісі жастармен ауыстырылады деп сенемін және оны бір емес, екі қайтара қайталап айтты, мемлекет басшысы осы мәселеге көңіл аударғанын байқадым», – деді ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Байғали Есенәлиев.