Байден тағы да бақ сынамақ

Байден тағы да бақ сынамақ
Сурет: Ura.news

Ақ үй басшысы келесі жылы президент сайлауына түседі.

Reuters агенттігінің ақпаратына сай, АҚШ президенті Джо Байден ресми түрде 2024 жылғы президенттік сайлауға түсетінін айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Байден саяси додаға Демократиялық партияның атынан түседі. АҚШ президенті биыл қараша айында 80 жасқа толады. Ол – АҚШ тарихындағы ең егде президент.

Джо Байден алғаш рет мемлекет басшысы лауазымына қайта сайлануға қатысу туралы жоспарын былтыр 9 қарашада айтқан болатын. Алайда толық шешімді осы жылдың басында қабылдайтынын ескерткен. Енді ол ресми түрде президент сайлауына қатысатынын мәлімдеді.