Бауыржан БАЙБЕК: ШЫНАЙЫ ПАТРИОТИЗМ МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕРДІ ҚҰРМЕТТЕУДЕН БАСТАЛАДЫ

Алматыда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздерінің 25 жылдығына арналған салтанатты жиын өтті

ddd_5877 

Ө.Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайында Мемлекеттік рәміздердің 25 жыл­дығына арналған салтанатты жиын өтті. Елбасы Н.Ә.Назарбаев 1992 жылдың 4 маусымында еліміздің мемлекеттік рәміздерін – Туды, Елтаңба мен Әнұранды бекіткен еді.

Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек  шынайы патриотизм мемлекеттік рәміздерді құрметтеуден басталатындығын айтты. Өйткені, олар мемлекеттікті, тәуелсіздікті, көпұлтты Қазақстан халқының бірлігін білдіріп, ұлы істер мен ұлттық мақтаныштың қайнар көзі болып табылады.

1

— Біз, алматылықтар мемлекеттік рәміз­дердің, Конституцияның, ұлттық валютаның Алматыда бекітілгені үшін мақтанамыз. Бұл — біздің туған өлкеміздің, жалпы,  еліміз тарихының алтын парақтары. Мемлекеттік рәміздердің терең мағынасы  мен мәні бар. Олар ұлттық рухты, тарих пен мәдениетті, еліміздің  қайталанбас ғаламат бейнесін айшықтайды. Президент айтып өткендей, жеке ұлттық кодқа айналып,  кез-келген ұлтты өмір­шең ұлтқа айналдырады. Сонымен бірге, мем­лекеттік рәміздер Елбасы жариялаған жаңару рухының баға жетпес  іргетасы болумен қатар,  халқымызды өрелі биіктерге жетелейді. Ал, бұл — ашықтық, өзгеріске дайын болу, болашаққа ұмтылу. Тәуелсіз Қазақстанның басты мақ­саты — бәсекеге қабілетті дамыған елдердің қатарына еніп, қуатты да айбынды елге айналу, — деді Б.Байбек.

Ол, сонымен қатар, өскелең ұрпақ үшін мемлекеттік  рәміздердің тәрбиелік мәні орасан екенін де айтты. Қоғамдық сананың өзгеруі ХХІ ғасырдың басты мұраты — білімге, ашық­тыққа, креативтікке, прагматизмге жол ашады. Бұл — адам ретінде, ұлт ретінде  фундамен­тальды жеңістің басты кепілі.

— Өскелең жас ұрпаққа қажетті барлық жағ­дайды жасау – біздің кезек күттірмейтін міндеттеріміз. Өздеріңіз білесіздер, мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша,  биылғы, 2017 жыл Алматыда «Жастар жылы» деп жарияланды. Осыған орай, мегаполисте «Жас­тарға 2020 жылға дейін қолдау көрсетудің Жол картасы» жасалды. Ашықтық, есеп беру  қағидаларын басшылыққа  ала отырып,  осынау құжатты жасау барысында біз жастар­дың  ұсыныстарын негізге  алдық. Жол картасы  қаладағы жастар ұйымдарының арасын­да  қызу талқыланды, Қоғамдық кеңесте  мақұлданып,  қала мәслихатында бекітілді,  — деді қала басшысы.

2

Атап өтерлік жәйт, Жол картасында  сапа­лы білім, тұрғын үй, жұмыспен қамту, тиімді «әлеуметтік лифтер», түрлі бастамаларға қол­дау білдіру сияқты бүгінгі күні жастарды  толған­дыратын мәселелердің бәрі қамтылған.

Мерекелік іс-шара концерттік бағдарлама­мен жалғасты. Алматылық жастар үшін  «Мистерионс», «КешYou» топтары, Төреғали Төреәлі, Камшат Жолдыбаева, Әли Оқапов, Тұрар Рахимберлин, Жанна Орынбасарова, Ayree және т.б. әншілер өнерлерін көрсетті. Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміз­дерінің 25 жылдығы қала бойынша аталып өтті.

«Ақшам-Ақпарат».

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *