Бауыржан Байбектің әкесі сотталып жатыр

Бауыржан Байбектің әкесі сотталып жатыр Сурет: интернеттен

Қыдырғали Байбекке екі іс бойынша айып тағылды.


Экс-шенеуніктің әкесі ҚР ӘҚБтК-нің 319-бабы бойынша айыпталған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Бірі заңсыз құрылысқа қатысты болса, екінші рұқсатсыз кәсіпкерлік төңірегінде. 


Астананың әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Алматы қаласының экс-әкімі Бауыржан Байбектің әкесі Қыдырғали Байбекке қатысты екі бірдей іс қарастырылып жатыр.


Қыдырғали Байбек ҚР ӘҚБтК-нің 319-бабы бойынша айыпталған. Бұл бап бойынша тиісті жер құқығынсыз өндірістік, тұрғын үй, шаруашылық, гидротехникалық (су шаруашылығы) немесе тұрмыстық объектілерді заңсыз салғандар жауапқа тартылады.


Осы аптада, бейсенбіде, Қыдырғали Байбек аталмыш сотта тағы бір істің қаралуын күтуде. Ол 29 маусымда өндіріске қабылданды. Біріншісінен айырмашылығы, сот процесі оның жеке қатысуымен өтуі тиіс.



"ӘҚБтК-нің 463-бабының 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасауда Байбек Қыдырғали Мұқаметәмірұлына қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуге қабылдансын. Істі қарау үшін әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізудің барлық қатысушыларын сотқа шақыру керек", - делінген сот ұйғарымында.



Бұл бап бойынша кәсіпкерлік немесе өзге де қызметпен айналысуға, сондай-ақ тіркеусіз, рұқсатсыз әрекеттерді (операцияларды) жүзеге асыруға, сол сияқты, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, хабарламаны тіркеу, рұқсат беру, жіберу міндетті болған жағдайларда хабарламаны жібермегендер жауапқа тартылады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

13:04

12:53

12:42

12:24

12:22

12:09

11:53

11:50

10:26

10:14

10:02

09:47

09:45

09:37

09:05

08:37

08:09

20:41

20:11

19:52

19:32

18:49

18:13

18:02

17:54