Батысқа 20 миллиард теңге қажет

Батысқа 20 миллиард теңге қажет
Сурет: ашық дереккөз

Сенатор Амангелді Нұғманов еліміздің батыс өңіріндегі автомобиль жолдарының сапасын сынға алып, оларды жөндеуге 20 миллиард теңге бөлуді өтінді, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz  Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Ол Смайыловқа жолдаған сауалында батыс өңірлердегі жолдардың сапасына қатысты мәселелер туралы баяндады.

«Жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының нормативті жағдайын 2025 жылға дейін 95 пайызға жеткізу үшін Ақтөбе облысындағы 1,5 мың шақырымды жөндеу қажет, бұл жыл сайын 25,6 миллиард теңге болады. Бұл республикалық бюджеттен қосымша 13,5 миллиард теңге трансфертті қажет етеді. Атырау облысында 43,5 шақырым жолдарды қайта құру және жөндеу үшін қосымша 8,8 миллиард теңге қажет», - деді ол.

Сонымен қатар, Нұғманов Батыс Қазақстан облысындағы теміржол вагондарының жетіспеушілігіне және құрылыс материалдарын уақтылы жеткізілмегенін және бұрын бөлінген ақша дұрыс пайдаланылмағанын атап өтті. Сенатор республикалық бюджеттен жол жөндеу жұмыстарын қаржыландыруға, "Қазақстан темір жолы" жүк вагондарын құрылыс материалдарын жеткізу үшін уақтылы қамтамасыз етуге шақырды.