Батыр желтоқсанда жекпе-жек өткізеді

Батыр желтоқсанда жекпе-жек өткізеді
Сурет: Іnbusiness.kz

Отандасымыз мықты бәсеке көрсетпек

Қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаевтың (18-1) келесі жекпе-жегінің өтетін күні анықталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Рrosports.kz-ке сілтеме жасап

Жерлесіміз рингке 11 желтоқсанда шығады. Жекпе-жек Орландода (Флорида штаты, АҚШ). Қарсыластың есімі қазірше белгісіз.

Айта кетейік, Батырдың кейінгі кездесуі биыл мамыр айында өтті. Ол жекпе-жекте Жүкембаев пуэрториколық Сабриэль Маттиасқа есе жіберіп, мансабындағы алғашқы жеңілісіне ұшырады.