Басымдық – Азаматтық қоғам өкілдерінде

 

«Nur Otan» партиясы жанынан жаңадан 9 қоғамдық кеңес құрылатын болды. Сөйтіп, олардың жалпы саны 14-ке жетпек. Бұл туралы партияның баспасөз қызметі хабарлады. 

Жаңадан құрылатын кеңестер: Экономиканы дамыту және кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі кеңес; Білім мен ғылымды дамыту жөніндегі кеңес; Ұлт денсаулығы мәселелері жөніндегі кеңес; Жұмыспен қамтуды және халықтың әлеуметтік әлсіз топтарын қолдау жөніндегі кеңес; Өңірлік даму жөніндегі кеңес; Азаматтық қоғам мен мемлекеттік басқаруды дамыту жөніндегі кеңес; Жастарды қолдау жөніндегі кеңес; Экологиялық кеңес және Аграрлық секторды дамыту жөніндегі кеңес. Ал партиялық бақылау комитеті, сыбайлас жемқорлыққа қарсы кеңес, Мәдениет пен өнерді дамыту мәселелері жөніндегі «Мирас» кеңесі, Құқықтық кеңес және Отбасы, әйелдер мен балалардың құқығын қорғау жөніндегі кеңес жұмыс істеп тұрған кеңестер.

Қоғамдық кеңестердің жаңа құрылымын, сондай-ақ тиісті басшылардың кандидатураларын партия Саяси кеңесінің Бюросы бекітеді. Орталық және өңірлік деңгейдегі кеңестердің құрамына партиялық тізімдерден 2 мыңға жуық резервші, сарапшылар мен азаматтық қоғам өкілдері тартылады деп жоспарлануда

«АҚШАМ-АҚПАРАТ».

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Оқи отырыңыз!

Close