Бастың жиі ауыруы тамақты уақытылы ішпеуден болуы мүмкін

Бастың жиі ауыруы тамақты уақытылы ішпеуден болуы мүмкін
Сурет: Ren.tv

Жеген тамақ пен бас ауруының арасында байланыс бар. Бұл туралы Eat This, Not That! басылымына берген сұхбатында диетолог Эми Гудсон айтты. 

Сарапшы бастың жиі ауыруы қандағы қант мөлшерінің төмендеуінен болуы мүмкін екендігіне назар аудартты. Ал мұндай жағдай көбіне тамақтың уақытылы ішілмеуі салдарынан болады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz РЕН-тв сайтына сілтеме жасап.

"Егер сіз түскі асты ішпесеңіз, бұл көбіне қандағы қант мөлшерінің түсуіне әкеледі. Ал қант мөлшерінің азаюы бастың ауруына, жүректің айнып, тіпті бастың айналуына әсер етеді", - деді ол. 

Бастың жиі ауыруы мен қанттың түсіп кетуіне себеп теңестірілмеген тамақтану болуы да мүмкін.

"Егер тек көмірсу жей берсе, онда қандағы қант деңгейі бастапқыда көтеріледі де, кейін ақуыздың жеткіліксіздігінен өте қатты төмендеп кетеді", - деп нақтылады Гудсон.

Егер сіз көмірсулармен тамақты толығымен тастасаңыз немесе оны тұтынуды едәуір төмендетсеңіз, одан болатын жағымсыз салдары кеми түседі. 

Аш қарынға тек тәтті жеу немесе кофе ішу де бастың ауыруына әкеледі деп атап өтті диетолог.

"Барлығы кофеинге әр түрлі көзқараста, дегенмен бұл жүйке жүйесінің қоздырғышы болғандықтан, егер кофені аш қарынға ішсе, ол адамдарда бас ауруы мен мазасыздықты тудырады", – деп қорытындылады ол.