Басты демеуші – ұстаздар

Басты демеуші – ұстаздар
Almaty-akshamy.kz

"Мектепке жол" жалғасын табуда

Жаңа оқу жылының басталуына да санаулы күндер қалды. Бұл кезде барлық ата-ананың бір ғана мәселесі бар – балаларын мектепке дайындау.  Осыған орай, Алатау ауданындағы №169 мектеп-лицейінде қайырымдылық акциясы өтіп, талай баланы қуанышқа кенелтті.  Жалпы, аталмыш мектепте бұл іс-шара жыл сайын белсенді түрде ұйымдастырылады. Мектептің ұстаздар қауымы өз еріктерімен акцияға үлес қосып, көмектерін ұсынуда. Іші қажетті оқу құралына толы сөмкені ашып көргенге асыққан балалардың қуанышы өз алдына. Балаларының қуанышын көрген ата-аналардың қуанышы тіпті бөлек.   Акцияға атсалысып, бүлдіршіндерге қуаныш сыйлауға асығайық!