Басқарушылық қызметтегі әйелдердің үлесі 30 пайызға дейін көбейеді

Басқарушылық қызметтегі әйелдердің үлесі 30 пайызға дейін көбейеді
Сурет: El.kz

«Самрұқ-Қазына» әл-ауқат қоры алдағы 7 жылда көшбасшы әйелдер үлесін арттырмақ.

Бұл туралы қор төрағасы Нұрлан Жақыпов мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Qazaqstan.tv-ға сілтеме жасап. 

Оның айтуынша, холдингте бүгінде 75 мың қыз-келіншек жұмыс істесе, оның 15 пайызы ғана жоғары лауазымға ие. Қор гендерлік теңдік саясатын қолдай отырып, әйелдер үшін көшбасшылық қасиеттерді дамытуға және тәжірибе алмасуға арналған жоба әзірледі. Бағдарламаға 142 қыз-келіншек өтініш білдіріп, оның 71-і сәтті аяқтаған. Енді олар қордың басқарма қызметіне бақылау жүргізуге атсалысады.

«Қоғамның әр саласында қыз-келіншектердің саны артып жатқаны барлығымызға мәлім. Біздің қоғамда әйел-ананың орны құрметпен бағаланады. Әйел араласқан қай істе де береке бар», - дейді ҚР Президенті әкімшілігі басшысының орынбасары Аида Балаева.