Бас санитар сайлауда бетперде тағуды ұсынды

Бас санитар сайлауда бетперде тағуды ұсынды
Сурет: 24.kz

Тұмаудың екі типі белең алуда.

Айжан Есмағамбетова тұмау жүріп жатқанын көпшіліктің есіне салды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Мәслихат депутаттығына кандидаттарды ұсыну кезеңінде коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу шарасы туралы Денсаулық сақтау вице-министрі Айжан Есмағамбетова баяндады.

«Республика бойынша коронавирустық инфекция бойынша жағдай тұрақты. Соңғы екі аптада төмендеу байқалады. Тәулігінде 120-ға дейін тіркелуде. Алдыңғы аптамен салыстырғанда, соңғы аптада сырқаттанушылық 1,7 есеге төмендеді. Барлық аймақтар жасылда тұр. Жеті өңірде көрсеткіш жоғары, осыған орай қаулыға сәйкес, адамдар көп жиналатын жерде бетперде тағу ұсынылады. Тұмаудың екі типі белең алуда», - деді ол.

Осыған орай, сайлау кезінде барлық шараларды сақтауға кеңес берді. Вирустың таралуын болдырмау үшін бетперде тағу ұсынылатынын атап өтті.