Бас санитар дәрігердің ревакциналау туралы қаулысы шықты

Бас санитар дәрігердің ревакциналау туралы қаулысы шықты
Сурет: Gov.kz

Қазақстанның бас санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова ревакциналауға қатысты жаңа қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Elorda.info-ға сілтеме жасап. 

"Қазақстанның аумағында 3 және одан да көп ай тұратын шетел азаматтарын қоса алғанда, барлық адамдар коронавирусқа қарсы ревакциналауға жатады", - делінген қаулыда.

Коронавирусқа қарсы ревакциналау алдыңғы профилактикалық екпеден кейін 6 ай аралықпен коронавирусқа қарсы вакциналаудың толық курсын және бұрын бірінші ревакциналауды алған адамдарға жүргізіледі.

Ревакциналау алгоритмінің 130-тармағы төмендегідей редакцияланды:

Коронавирусты жұқтыру қаупі жоғары (басымдылығы бойынша) мына адамдар коронавирусқа қарсы қайта ревакциналауға жатады:

- медицина қызметкерлері;

- медициналық-әлеуметтік мекемелердің контингенті мен персоналы;

- күш құрылымдарының қызметкерлері;

- педагогтар;

- пенитенциарлық (қылмыстық-атқару) жүйе мекемелерінің контингенті;

- 50 жастан асқан адамдар.

Осы қаулы 2022 жылғы 25 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі.