Бас прокуратура Матаевтарға қатысты әділетсіз үкімге қарсы қарсылық енгізді

Бас прокуратура Матаевтарға қатысты әділетсіз үкімге қарсы қарсылық енгізді
Сурет: Bureau.kz

Жақында Жоғары соттың отырысы өтеді.

Бас прокуратура белгілі қазақстандық журналистер Сейтқазы және Әсет Матаевтарға қатысты әділетсіз үкімге қарсы қарсылық енгізді. Бұл туралы беделді қазақстандық адвокат Джохар Утебеков айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Kaztag.kz сілтеме жасап.

«Іспен ұзақ уақыт танысқаннан кейін бас прокуратура менің өтінішімді қанағаттандырды! Ол ҚР Журналистер одағының төрағасы Сейтқазы Матаев пен оның ұлы Әсетке қатысты әділетсіз үкімге қарсылық енгізді. Жақында Жоғары соттың отырысы өтеді. Біз тек ақтап алуды күтеміз!», - деп мәлім етті сейсенбі күні Утебеков.

Еске салсақ, Сейтқазы және Әсет Матаевтарды 2016 жылы соттаған болатын. Қылмыстық қудалау кезінде ҚазТАГ агенттігін басып алмақ та болды. Бұл ретте Матаевтардың кінәсі Қазақстанда да, шетелде де саяси астары бар деп танылды, айыптаудың бір тармағы да дәлелденбеді, сонда да қазақстандық сот айыптау үкімін шығарды. Ал Матаевтарды тапсырыспен қудалауға қатысушылардың бірде бірі әлі күнге дейін жазаға тартылмады.