Бас прокуратура экстрадицияланған қазақстандықтардың есімдерін атады

Бас прокуратура экстрадицияланған қазақстандықтардың есімдерін атады Сурет: Elorda.info

2022 жылы іздеуде жүрген адамдарды ұстап беру туралы 50 сұрау салу шет мемлекеттер тарапынан қанағаттандырылды.


Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасынан мәлім етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Мысалы, өткен жылы Бахрейн Корольдігінен кәмелетке толмағандар саудасына, атап айтқанда, қыздарды Қазақстаннан Бахрейнге жыныстық пайдалануға жібергені үшін күдікті А.Пичугина ұсталып, елімізге берілді.


Сол сияқты «РБК банкі» АҚ-ның 15 млн АҚШ долларынан астам қаражатын ұрлады деген күдікті В.Власов, қаржы пирамидасын («Qi TRADE Kazakhstan», «Выгодные займы») құрғаны және басшылық еткені үшін іздеуде жүрген С.Абсаметова, Б.Томин және Е.Шарифуллин, 1 млрд теңгеден астам сомаға бағаланған алтыны бар материалды ұрлаған қылмыстық топтың құрамында болған А.Тимаков Ресей тарапынан ұстап берілген.



«Трансұлттық ұйымдасқан топтың құрамында аса ірі мөлшерде алтын мен зергерлік бұйымдардың экономикалық контрабандасы үшін іздеуде жүрген Тастан Эбубекирді ұстап беру туралы сұраныс Қырғызстан тарапынан қанағаттандырылды. Атыс қаруын қолдану арқылы ауырлататын мән-жайда кісі өлтіргені үшін іздеуде жүрген О.Иссалы мен Б.Исабеков Тәжікстаннан экстрадицияланды. Алаяқтық жолымен 288 млн теңгені ұрлағаны үшін Қазақстанның құқық қорғау органдары іздеп жүрген А.Смалбаеваны Өзбекстан тарапы ұстап берді», - деп атап өтті Бас прокуратурадан.



Айта кетсек, Мемлекет басшысының тапсырмасы негізінде шетелден заңсыз шығарылған активтерді қайтару бойынша кешенді жұмыс жүргізіліп жатыр. Үкімет және басқа да мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, заңсыз шығарылған активтерді қайтару жөніндегі қосымша іс-шаралар кешенін қамтитын заң жобасы әзірленуде. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

23:14

17:19

16:27

15:44

15:35

14:52

13:55

13:07

13:02

12:56

12:09

11:41

11:31

11:26

11:21

11:09

10:52

20:11

19:41

19:13

18:41

18:41

18:17

18:12

17:26