Бас мүфти вакцина салдырды

Бас мүфти вакцина салдырды
Сурет: Мuftyat.kz

Наурызбай қажы шариғатта вакцина салуға тыйым салынбағанын атап өтіп, бүкіл халықты иммундау науқанына қатысуға шақырды.


Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы қазақстандық QazVac екпесінің бірінші компонентін алды деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Хабар 24 телеарнасына сілтеме жасап.
Наурызбай қажының айтуынша, коронавирусты тек екпе салғызу арқылы жеңіп, бұрынғы өмір сүру қалпына оралуға болады. 

«Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» дейді. Жалпы ислам шариғатында зәру жағдайда екпе салдыруға рұқсат етеді. Алла Тағала Құранда айтады: «Өз қолыңызбен өз денсаулығыңызға қиянат жасамаңыздар». Пайғамбарымыздың хадисі бар. «Әрбір дертті Алла тағала оның шипасымен қоса жаратқан» дейді ол. Індеттің алдын алу үшін денсаулық сақтау мамандары екпе жасату керек деп жатыр. Мен де өзіміздің амандығымыз үшін, елдің амандығы үшін Алланың қалауымен екпе алдым», - дейді Наурызбай қажы Тағанұлы.