Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер жаңа қаулы жариялады

Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер жаңа қаулы жариялады
inform.kz

ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова Қазақстан Республикасы халқы арасында COVID-19 коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу мақсатында жаңа карантиндік қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Жаңа құжатта йога және спа орталықтары, фитнес-клубтары, монша, сауна, бассейн, компьютерлік клубтар, боулинг, бильярд, караоке, көрме, театр сынды нысандарға «Ashyq» жобасын енгізу және іске асыру жалғасатыны жазылған.

Қоса беріліп отырған:

1. осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес, «Ashyq» жобасына жаңа қатысушыларды қосу алгоритмі;

2. осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес, «Ashyq» жобасын енгізу және «қызыл» мәртебесі бар келушілерді анықтау кезінде шаралар қабылдау алгоритмі;

3. осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес, ереже бұзған қатысушыларды «Ashyq» жобасынан шығару алгоритмі;

4. осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес, «Ashyq» жобасына қатысатын әлеуметтік-экономикалық объектілердің қызметін шектеу өлшемшарттары бекітіледі.

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне объектілерде енгізу кезінде «Ashyq» жобасын техникалық қолдау жүктелген.

Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдері, «Атамекен» ҰКП (келісу бойынша) құзыретіне сәйкес шаралар қабылдайды және:

1) осы қаулының 1 және 2-тармақтарына сәйкес, объектілерде «Ashyq» жобасын енгізуді;

2) осы қаулының 1 және 2-тармақтарына сәйкес, жобаны іске асыруға қатысатын объектілердің тізбесін айқындауды;

3) халықты, жеке және заңды тұлғаларды жобаға қатысатын объектілерге кіру үшін «Ashyq» мобильді қосымшасын, оның ішінде басқа да платформаларды (мысалы, eGov mobile, Аitu, Kaspi.kz, Halyk Bank, Sberbank.kz, Альфа-Банк платформасындағы аналогы, www.ashyq.kz сайты) пайдалану қажеттігі туралы хабардар етуге міндеттеледі.

«Ashyq» жобасына қатысушылар:

1) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес, «Ashyq» жобасын енгізуге және оған қатысуға қойылатын талаптардың сақталуын қамтамасыз етеді;

2) өңір «қызыл» аймақтан «сары» аймаққа немесе «сары» аймақтан «жасыл» аймаққа ауысқан кезде осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес талаптарды сақтауды жалғастырады;

3) осы қаулының талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді.

«Ashyq» жобасын енгізу туралы» ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2022 жылғы 27 қаңтардағы №7 қаулысының күші жойылды деп саналады.

Қаулының толық нұсқасын ҚР ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми сайтынан оқуға болады.