Бас имамға кедергі жасаған адамға айыппұл салынды

Бас имамға кедергі жасаған адамға айыппұл салынды
Cурет: Egemen.kz

Келеңсіздікке жол берген 35 жастағы азамат анықталды

Қызылорда облысында мешітте бас имамға кедергі жасаған деструктивті діни ағым ұстанушысына айыппұл салынды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап. 
Қызылорда қаласында деструктивті діни ағымын ұстанатын 35 жастағы тұрғын мешіттердің бірінде бас имамның ескертуіне қарамастан оған кедергі жасаған. Полиция қызметкерлері осындай келеңсіздікке жол берген 35 жастағы азаматты анықтады.

«Оған қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 490-бабының 8-бөлігінде көзделген құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік іс қозғалған. Онда діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзу жағдайы көрсетілген. Сот қаулысымен деструктивті діни ағым ұстанушысына әкімшілік айыппұл салынды», - деп мәлім етті облыстық полиция департаментінен.