Бас бапкер: Милад қиын жаттығу орындады

Бас бапкер: Милад қиын жаттығу орындады
Сурет: Оlympic.kz

Ұлттық Олимпиада комитеті дерегінше, Жапонияның Китакушу қаласында спорттық гимнастикадан әлем чемпионаты аяқталды

Қазақстан командасының бас бапкері Александр Ким спортшылардың көрсеткішіне баға берді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«Милад Карими еркін жаттығуда жетінші орын алды. Ал гимнастикалық ат снарядында Нариман Курбановқа медаль үшін аз ғана ұпай жетпей қалды. Чемпиондық атақ америкалық Стефан Недорочиктің еншісінде кетті.

Ал гимнастикалық кермедегі жаттығуда Милад өте қиын элементтерді орындады. Соған қарамастан, бесінші орында қалды. Енді мұнымен тоқтамай, алдағы жарыстарға дайындаламыз», - дейді бас бапкер. 

Сондай-ақ, әлем чемпионатында қазақстандық гимнастар төрт финалға шықты. Алайда, бапкерлер шешімімен Карими көпсайыстағы финалдан бас тартты.