«Барвиха» түнгі клубы, «75 Projest» лаундж бары: Алматының мониторингтік топтары карантинді бұзудың жолын кесуді жалғастыруда

9-10 сәуірге қараған түні Алматының мониторингтік топтары компьютерлік клубтан, бардан және кафеден 300-ге жуық адамды шығарып салды. Құқық бұзушылардың көпшілігі «Барвиха» түнгі клубында болды, жабық алаңда 60-қа жуық келушілер болды.

Түнгі тексеру қорытындылары туралы мегаполистің мониторингтік топтарының өкілдері айтып берді, айта кетейік олардың саны 40-тан астам.

9 сәуірден 10 сәуірге қараған түннің өзінде Алматыда белгіленген шектеулердің 15 бұзушылығы анықталды. Оның ішінде 13 нысан: мейрамханалар, кафелер мен дүкендер, бір компьютерлік клуб және түнгі клуб.
Тексеру үшін полиция басқармасына барлығы 48 адам жеткізілді.

Мысалы, Әуезов ауданында ішінде 40-қа жуық адам болған «RGB» компьютерлік клубы жұмыс істеді. Бостандық ауданында «75 Projest» лаунж бары жұмыс істеді, онда 40 адам болды. Жетісу ауданында «Эльнарус» кафесінде 40-қа жуық адам карантинді бұзған. Медеу ауданында «Барвиха» клубында 60-қа жуық адам болды.

Барлық бұзушылармен түсіндіру жұмыстары жүргізілді, мекеме иелеріне қатысты әкімшілік хаттамалар жасалды.
Алматы қаласының әкімдігі тұрғындарды карантиндік шектеулерді ұстануға және жұқтыру қаупі жоғары нысандарға бармауға шақырады.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *