Барлық өңірге Sinopharm вакцинасының 1-топтамасы жеткізілді

Барлық өңірге Sinopharm вакцинасының 1-топтамасы жеткізілді
uaeinside.com

Барлық өңірге Қытайдың Sinopharm вакцинасының 1-топтамасы жеткізілді. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлім етті, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Бүгінде 1-компонентін халықтың вакцинациялауға жататын тобының 62 пайызы, 6,1 млн адам вакцина алды. Ал 2-компонент 4,8 млн адамға салынды. Бұл халықтың вакцинацияланатын тобының 48 пайызын құрайды», - деді ол.

Министрдің дерегінше, коронавирусқа қарсы вакциналау жұмысы Шымкент қаласында, Түркістан, Алматы, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қызылорда облыстарында жоғары деңгейде жүргізіліп жатыр. Ал вакцинаның 1-дозасын алушылар қатары Маңғыстау облысында төмен. Бұл өңірде халықтың 35 пайызы ғана вакцина алған.

«Өңірлер вакцинаның жеткілікті көлемімен қамтамасыз етілген. Вакцина жеткізу кестеге сәйкес жүргізіліп жатыр. Барлық өңірге Қытайдың Sinopharm вакцинасының 1-топтамасы жеткізілді. Жеткізу жұмыстары жалғасып жатыр», - деді Алексей Цой.