Барлық игіліктер студенттер үшін

Барлық игіліктер студенттер үшін
almaty-akshamy.kz

ҚазҰАЗУ-да эндаумент қор құрылады

Қазақ Ұлттық аграрлық зерттеу университетінің басшысы, ҰҒА академигі, профессор Ақылбек Күрішбаев аппараттық кеңесте «ҚазҰАЗУ Эндаумент» қорын құруды тапсырды.

Бұл ретте, Қорға жинақталған қаражат түрлі мерекелік іс-шараларға емес, ең алдымен, тозығы жеткен жатақханаларды жаңғыртуға, ҚазҰАЗУ студенттерінің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларын жақсартуға бағытталады.

ҚазҰАЗУ шаңырағында негізінен ауылдық жерлерден келген жастар оқиды, көпшілігі тұрмысы төмен отбасынан шыққандар. Сондықтан, Эндаумент қорынан түскен қаражат студенттердің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларын жақсартуға жұмсалады.

Эндаумент қорының жұмысын жүргізу үшін арнайы есепшот ашылады. Қор инвестициялаудан түскен қаражат тек белгіліленген нақты мақсаттарға сәйкес жұмсалады және ашықтық қамтамасыз етіледі. Қамқоршылар кеңесі құрылады, оған белгілі қоғам және ғылым қайраткерлері, университетіміздің түлектері кіреді.

ҚазҰАЗУ баспасөз қызметі