Барлық адам бірдей!

Барлық адам бірдей!
Сурет: Қайрат Қоныспаев

Алматыда мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қолдау орталығының тағы бір филиалы ашылды. 

Ten Qogam әлеуметтік қолдау орталығының үшінші филиалы Алматы қаласының Әуезов ауданында ашылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Бұған дейін қаланың Бостандық және Жетісу аудандарында екі филиал жұмыс істеген болатын. Мұнда мүмкіндігі шектеулі алматылықтарға заң, психологиялық, білім беру және басқа да мәселелер бойынша ақпараттық-консультациялық және ресурстық қолдау көрсетіледі. Алматы әкімінің тапсырмасы бойынша 2023 жылы Ten Qogam мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қолдау орталығының филиалдарын қаланың әр ауданында ашу жоспарлануда, соның арқасында қадамдық қолжетімділік  принципі бойынша қызметтер көрсетіледі.

 Әуезов ауданындағы Ten Qogam мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік қолдау орталығы филиалының байланыстары:

+7 (777) 597 62 11 Полукаров Юрий Владимирович –  қолжетімді орта бойынша маман.

+ 7(707) 540 60 35 Федулова Лилия Дмитриевна – кәсіптік бағдар жөніндегі маман. 

+7 (777)581 16 46 Сомова Регина Юрьевна – заңгер.

+7 (707) 892 12 69 Королева Вера Леонидовна –  әдіскер- үйлестіруші.