Айырбастау операциялары кезінде цифрлық құжат көрсетуге болады

Айырбастау операциялары кезінде цифрлық құжат көрсетуге болады
Сурет: Жайық Пресс

Бұл өзгеріс Қаулы қабылданған күннен кейін 90 күн өткен соң күшіне енеді.

Қазақстан Ұлттық Банкі айырбастау пунктерінде қолма-қол шетел валютасымен операция кезінде клиенттерді сәйкестендіру үшін цифрлық құжаттарды да пайдалануға мүмкіндік беретін түзетулердің қабылданғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz банк сайтына сілтеме жасап.

Тиісті өзгерістер Қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік 90 күн өткен соң күшіне енеді (Қаулы 2021 жылы 29 желтоқсанда жарияланды).

Қаулының толық мәтінімен Қазақстан Ұлттық Банкінің ресми сайтында танысуға болады.