Балуандар U23 әлем чемпионатында күреседі

Балуандар U23 әлем чемпионатында күреседі
Сурет: Іnbusiness.kz

Ел үмітін арқалаған балуандардың бабы келісіп, бағы жансын!

Ұлттық Олимпиада комитетінің дерегінше, еркін күрестен Қазақстан құрамасы 23 жасқа дейінгі балуандар арасындағы әлем чемпионатына қатысады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Сербия астанасы Белград қаласында күрес түрлерінен 23 жасқа дейінгі балуландар арасында әлем чемпионаты өтеді. 

5-7 қараша күндері еркін күрес бойынша балуандар өзара мықтыны анықтауға Белград бозкілеміне шығады. Аталған додаға Қазақстан сапынан он спортшы қатысады.

Олар: Асыл Айтақын, Ильяс Аманжолов, Сырбаз Талғат, Нұрқожа Қайпанов, Бибарыс Нұрыллаұлы, Мақсат Сатыбалды, Бекзат Үркімбай, Юнус Гафуров және Бақдәулет Өсербай.

Айта кетерлігі, 23 жасқа дейінгі балуандар арасындағы әлем чемпионатына Қазақстанның грек-рим және әйелдер күресі құрамалары да қатысады.