Балетмейстер Аюханов туған күнінде «Гудулла - мать Эсмеральды» балетінің тұсауын кеседі

Балетмейстер Аюханов туған күнінде «Гудулла - мать Эсмеральды» балетінің тұсауын кеседі
Cурет: Almaty-akshamy.kz

Бүгін - ҚР Халық әртісі Болат Аюхановтың туған күні. 

Қазақ балет өнерінің тарихында өшпес із қалдырған елеулі тұлға, ҚР Халық әртісі Болат Аюханов өзінің туған күнінде Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтарын «Гудулла - мать Эсмеральды» балетінің тұсаукесерімен қуантпақ, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Болат Ғазизұлының жетекшілігімен «Алматының жас балеті» ұжымы əлемнің түкпір-түкпіріндегі көрерменнің жоғары бағасына ие болған. Оның «Менің балетім», «Сезімдер өмірбаяны» жəне тағы басқа кітаптары оқырман арасында кеңінен танымал.

Айта кетсек, Болат Ғазизұлы Аюханов 1938 жылы 13 қыркүйекте Семей қаласында туған. А.В. Луначарский атындағы Мәскеу театр өнері институтының балетмейстерлік факультетін бітірген. ҚР мемлекеттік академиялық би театрының негізін қалаушы әрі тұрақты жетекшісі, ҚР халық әртісі, әйгілі хореограф, профессор. «Құрмет белгісі», Еңбек Қызыл Ту ордендерімен марапатталған. «Платиналық Тарлан» (2000), «Алтын Адам» (2008) сыйлықтарының, Мемлекеттік сыйлықтардың лауреаты.

Almaty-akshamy.kz ұжымы Болат Ғазизұлын туған күнімен құттықтап, шығармашылық табыс тілейді. 

Тұсаукесер 13 қыркүйекте, сағат 19.00-де Алматыдағы Абай атындағы қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрында өтеді.