Балайым Кесебаева Алматы қаласының Әділет департаментіне басшысы болды

Балайым Кесебаева Алматы қаласының Әділет департаментіне басшысы болды
Сурет: www.egov.kz

Әділет министрлігінің бұйрығы

ҚР Әділет министрлігінің бұйрығымен Балайым Кесебаева Алматы қаласы Әділет департаментінің басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz өңірлік ведомствоның сайтына сілтеме жасап.

Балайым Туғанбайқызы Кесебаева 1966 жылы туған.
Талдықорған заң техникумын, әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін бітірген.
Еңбек өтілі:
- Шымкент облыстық атқару комитетінің әділет бөлімінде кеңсе меңгерушісі (1985-1988);
- Алматы қаласы, «Шаһар» сәулет-жобалау кооперативінің кеңсе қызметкері (1993-1994);
- Әділет министрлігінде кеңесші, бас кеңесші, бас маман, бөлім бастығы (1994-1998);
- Қызылорда облысы Әділет басқармасы бастығының орынбасары (1999-2002);
- Маңғыстау облысы Әділет департаментінің бастығы (2002-2004);
- Әділет министрлігі Ішкі әкімшілік департаментінің директоры (2004-2009);
- Қызылорда облысы Әділет департаментінің басшысы (2009-2016);
- VI сайланған Парламент Мәжілісінің депутаты;
- VII сайланған Парламент Мәжілісінің депутаты, төраға орынбасары (14.012021-19.01.2023)