Баланың төлқұжаты арзандауы мүмкін

Баланың төлқұжаты арзандауы мүмкін
Сурет: Tengrinews.kz

Бұрынғы баршаға ортақ бағасы 27 600 теңге  болатын.

Қазақстанда бала төлқұжатына салынатын мемлекет баж көлемі екі есе төмендетілуі мүмкін, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Сенат депутаттары "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" ҚР Кодексіне (Салық кодексі) өзгерістер енгізу" және "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" ҚР Кодексін қолданысқа енгізу туралы" заң жобасын талқылады.

Құжатта кәмелетке толмағандарға төлқұжат бергені үшін мемлекеттік бажды 8 АЕК-тен (27 600 теңге) 4 АЕК-ке (13 800 теңге) дейін төмендету ұсынылады.

Депутаттар атап өткендей, балалардың сыртқы келбеті тез өзгеріп отырады және 2-3 жыл ішінде төлқұжаттағы сурет баланың нақты түріне сәйкес келмейді. Осыған байланысты ата-аналар балаларға жаңа төлқұжат жасатуы керек болады.

Осылайша, баланың төлқұжаты тек 1-2 сапарға ғана пайдаланылады, бұл өте қымбат, әсіресе, отбасында бірнеше баласы барлар үшін тіпті артық шығын.