Баланы шектен тыс өбектеу дұрыс па?

Баланы шектен тыс өбектеу дұрыс па? almaty-akshamy.kz

Қазіргі күні ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынаста проблема аз емес.  Әр жасөспірімнің психологиялық жағдайын зерттемей кеңес беру өте қиын. Дегенмен, ата-ана мен бала бір-біріне жақын болуы керек. Бір-бірінің өміріне қызығушылық танытып, сұхбаттасу парыз.


Бұл пікірлерді ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс балалар психиатры және Алматыдағы Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығының балалар бөлімінің меңгерушісі Марина Вихновская  айтты.



– Өкінішке қарай, қазіргі уақытта ата-аналардың бала тәрбиесімен айналысуға уақыты жоқ. Күні бойы жұмыста немесе өзінің кәсібін дөңгелету үшін перзентінің қалай өскенін білмейді, кейде ұл-қызына ешнәрсе бермейді,  шамадан тыс қамқорлық жасап, қомақты ақша беріп, қымбат сыйлықтар сатып әперіп, шектен тыс еркелетеді. Бүгінгі күні баламен сөйлесіп, оның өмірінде болып жатқан оқиғаларды, өзгерістерді білетін отбасыны сирек кездестіруге болады. Дегенмен, жасөспірімдердің өміріне шектен тыс араласып, басқан адымын аңдуға да болмайды. Мұндай қарым-қатынастан бала сізден алшақтап, тұйықталуы мүмкін, – дейді психикалық ауруға шалдыққан балалар мен жасөспірімдерді 33 жылдан бері емдеп келе жатқан балалар психиатры. 



Орталықтың «Балалар психиатриясы» бөлімінде жылына 600-дей бала емделеді. Онда мамандар ерекше науқастарға тәулік бойы қызмет көрсетеді.


Марина Вихновскаяның айтуынша, карантин кезінде ата-аналар үйде отырып, балаларының психикасында бұрын байқамаған проблемаларға куә болып, өздері дабыл қағыпты. Кезінде әлемді әбігерге салған коронавирус індеті тұсында еріксіз үйге қамалған талай әке-шеше ұлы мен қызының немен айналысып жүргенін, мінезі қандай екенін енді біліп, психологиялық көмекке жүгіне бастаған. Балалар психиатры пандемия балалар мен ата-ана арасындағы қарым-қатынасқа ерекше серпіліс берді дейді.


Балалар психиатры жасөспірімдерді суицид жасауға не итермелейтіні туралы да тілге тиек етті.



– Біз өз өміріне қол жұмсауға оқталған балалармен жұмыс істейміз. Ең алдымен, оны өлімге итермелеген себепті айқындау керек. Суицидтің екі түрі бар. Біріншісі, кейбір науқастар шынымен өз өмірімен қоштасуға бел буады. Енді осындай әрекеттің тағы бір түрі суицидтік әрекетін демонстративті түрде көрсетеді. Қатыгез шешім қабылдауға отбасындағы кикілжің, мектептегі проблема немесе психикалық ауытқушылық, әлеуметтік желідегі психологиялық қысымға ұшырау, оны айналасындағы адамдардың түсінбеуі, үрей сияқты түйткілдер түрткі болады. Сондықтан жасөспірімнің мінез-құлқынан бір өзгеріс байқасаңыздар, тікелей психологтың көмегіне жүгіну керек, – дейді маман.



Балалар психиатры осыдан 20 жыл бұрынғы балалар мен қазіргі жеткіншектердің арасында айырмашылық барын айтып отыр. Оның айтуынша, бүгінгі баланың ой-санасы көш ілгері. Себебі, олардың барлығы қазіргі технологияны меңгерген. Науқас өзінің дерті жайлы ақпаратты интернеттен оқып, не істеу керек немесе ненің денсаулығына қауіпті екенін біле алады. Дегенмен, өміріміздің ажырамас бөлігіне айналған ақпараттық технологияны ұршықша иіргені бір жағынан тамаша, екінші жағынан кері әсерін де жоққа шығара алмаймыз. Мәселен, бұғанасы қатпаған, ойы, санасы  толық жетілмеген ұлдың да, қыздың да осындай ақпараттарға қолжетімділігінің нәтижесінде психобелсенді заттарды ерте тұтыну,  жыныстық қатынас, демонстративті суицидке бейімделу сияқты өзекті мәселелердің туындап жатқаны жасырын емес. Сондықтан әр нәрсенің өз орнымен болғаны абзал дейді балалар психиатры.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:41

19:05

18:50

18:08

17:47

17:40

17:24

15:50

15:40

15:38

15:18

14:48

14:39

14:15

14:11

14:08

14:03

13:46

13:33

13:25

13:13

12:47

12:40

12:31

12:19