Балаларға арнап жазатын талантты қаламгерлер байқауда бақтарын сынап көрді

Балаларға арнап жазатын талантты қаламгерлер байқауда бақтарын сынап көрді
Сурет: Egemen.kz

«Ер Төстік» әдеби байқауының жеңімпаздары марапатталды

«2021 - Балалар әдебиеті жылына» орай ұйымдастырылған балалар мен жасөспірімдер шығармаларына арналған «ЕР ТӨСТІК» әдеби байқауының жеңімпаздары марапатталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Ұлттық академиялық кітапхана «2021- Балалар әдебиеті жылына» орай балалар мен жасөспірімдер шығармалары үшін «ЕР ТӨСТІК» әдеби байқауын жариялаған болатын.

Байқау 2021 жылдың 2 тамызы мен 2 қазаны аралығында өтті. Барлығы 90 автордың жұмысы тіркелген.

Марапаттау рәсімі бірнеше номинация бойынша өтті: проза, ертегі, балаларға арналған өлеңдер және үздік иллюстрация.

Әдеби байқаудың мақсаты – балалар мен жасөспірімдерге арнап жазатын талантты қаламгерлерді анықтау, лайықты марапаттау, қазақ балалар әдебиетін қолдау және дамыту.