Балаларының болашағын бүгіннен ойлайтындар 22 мыңға жуық білім беру депозитін ашқан

Балаларының болашағын бүгіннен ойлайтындар 22 мыңға жуық білім беру депозитін ашқан
Сурет: Finance.kz

Өскелең ұрпақтың келешегіне тиімді инвестиция

Балаларының болашақ оқуын осы бастан ойлаған қазақстандықтар 22 мыңға тарта депозит ашты. «Aqyl» мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесіне қатысты ақпаратпен елдің Білім және ғылым министрлігінің қаржы орталығының басқарма төрағасы Асқар Ибраимов бөлісті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Qazaqtv.com сайтына сілтеме жасап. 

Оның айтуынша, бүгінде 31 млрд теңгеге жуық салым жасалған.

Естеріңізге сала кетейік, елдің кез келген азаматы өзінің немесе баласының атына депозит аша алады. Бұл ретте көреген ата-ана банктік сыйақыдан бөлек 5-тен 7% дейін мемлекеттік сыйақы алатын болады. Жинақталған қаражат тек оқу ақысын төлеуге жұмсалуы керек. Отандықпен қатар шетелдік оқу орындарын таңдауға мүмкіндік қарастырылған.

«Бұл ретте, егер бала жоғарғы оқу орнына грантқа түсетін болса, онда барлық сыйақыны қоса, яғни жиналған қаражаттың толық көлемі салымшының меншігінде қалатынын және ол оны шешіп алғанға дейін басқара алатынын айту керек. Ең бастысы, бұл депозит Қазақстанның кепілдік беру қорымен сақтандырылған, сондай-ақ мемлекеттік органдар және үшінші тұлғалар тарапынан да кез келген тыйым салулар мен шектеулер салудан заңнамамен қорғалғанын ерекше атап өту қажет», - дейді ҚР БҒМ Қаржы орталығының басқарма төрағасы Асқар Ибрагимов. 

 

.