Балаларының алдында қарызы барлар енді Қазақстан аумағынан шыға алмайды

Балаларының алдында қарызы барлар енді Қазақстан аумағынан шыға алмайды Сурет: Semeynews.kz

Алимент төлемеген 3 мыңға жуық борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды.


Балаларының алдындағы қарыздарын өндіріп алу үшін 2 мыңнан астам жұмыссыз алиментші жұмысқа орналастырылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Elorda.info-ға сілтеме жасап.


Бүгінгі таңда 263 мемлекеттік және 2111 жеке сот орындаушысы жұмыс істейді. Олардың өндірісінде 20 трлн теңгеге жуық 7,2 млн атқарушы өндіріс бар. Атқарушылық іс жүргізудің 40%-ы аяқталды. Бұл туралы  Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында әділет министрі Азамат Есқараев айтты.


Оның айтуынша, аталған санның едәуір бөлігін алимент өндіріп алу жөніндегі құжаттар құрайды. Республика бойынша бұл 303 мыңнан астам немесе өндірістің 4% құрайды.



«2023 жылдың 6 айында алимент төлемдері бойынша сот актілерін орындамағаны үшін 2 861 борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 7 219 борышкерге қатысты елден шығуға уақытша тыйым салынды. Алимент өндіріп алу туралы барлық проблемалық атқарушылық іс жүргізу бойынша сот орындаушылары мәжбүрлеу сипатындағы шараларды қабылдауда», - деді ведомство басшысы.



Министрдің айтуынша, кейде олар борышкерден алимент өндіріп ала алмайды, өйткені оның тұрақты табысы мен мүлкі жоқ. Осыған байланысты, өңірлік әділет департаменттері әкімдіктермен бірлесіп борышкерлерді жұмысқа орналастыру үшін тұрақты негізде бос жұмыс орындары жәрмеңкесін өткізеді. Мысалы, 2023 жылдың 8 айында республика бойынша 2 101 борышкер жұмысқа орналастырылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

12:40

12:07

11:45

11:05

10:49

10:45

10:37

10:27

10:14

10:10

17:54

17:50

16:40

16:12

15:42

15:30

14:52

14:10

13:26

13:13

12:59

12:46

12:07

11:55

11:30